Бүгін 24 мамыр күні мектебімізде *өте жақсы оқығаны үшін* 2- 4 кластардың 46 оқушысы *Мақтау қағазымен* марапатталды. Оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға арнап салтанатты жиын ұйымдастырылып, ән -жырдан шашу шашылды.Мектеп директоры А.Қ.Башанов бүлдіршіндерді оқу жылын сәтті аяқтауларымен құттықтап,жаз мезгілінде әсерлі демалыс тіледі.