Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

✨№74 жалпы білім беретін орта мектебінде 2025 жылдың 14 ақпан күні педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында “Екі жұлдыз” ән байқауы өтті. Байқауға 5, 6, 7 — сыныптардан оқушылар мен педагогтер жұп ретінде шығып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау 2 кезеңнен тұрды.
🎤1-кезең: Еркін тақырыпта ән шырқау;
🎤2-кезең: Патриоттық бағытта ән шырқау.
Ережеге сәйкес келесі критерийлер бойынша бағаланды: 🎶орындаудың өзіндік ерекшелігі, музыкалық шеберлік, сыртқы түрінің, дауыстарының үйлесімділігі, сахна мәдениеті, актерлық шеберлік, орындау деңгейі.
✨Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
🏆Бас жүлдеге — 6”А”-сыныбының атынан шыққан ұстазы Артыкалина Зарима мен оқушысы Ақылбек Арай Бахтиярқызы иеленсе;
жүлделі 🥇1-орынға — 5”А” сыныбының атынан шыққан ұстазы Демеген Мөлдір мен оқушысы Сейтенова Еркежан иеленді.
🥈Ал, жүлделі 2- орындарға 5”Ә” сыныбының атынан шыққан ұстазы Қалмұрат Медет пен оқушысы Иванова Аяжан, 6”Б” атынан шыққан ұстазы Хурылбаева Аяжан мен оқушысы Юсупов Байсангур
🥉3-орынға 7”Б” сынып атынан шыққан Өмірзақова Айсара мен оқушысы Нұртас Сымбат иеленді.
Байқауға қатысушылар арнайы диплодармен және кубокпен марапатталды.
Жауапты: Алибаева А.Б./аға тәлімгер/