Ағымдағы жылдың 1️⃣ сәуірінен бастап 3️⃣1️⃣ тамыз аралығында жалпы білім беретін мектептердің 1️⃣ сыныбына құжаттарды қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы(ЭЦП) арқылы www.egov.kz порталы негізінде жүзеге асырылады. Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:
🔸ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
🔸ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175-2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген) профилактикалық екпелер картасы №165/у нысанды және ‘Бала денсаулығының паспорты” №052-2у нысанды медициналық анықтамалар үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар
🔸Баланың 3*4 өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Қосымша хабарлама алу үшін байланыс номері
87754106153
Қабылданатын класс саны -2;
Оқушы саны — 30
Оқыту тілі — қазақ
1 класс мұғалімдері: Жукаева А.К,
Сагынгалиева М.