Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Оқулық қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін оған аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін сақталады.
Қымбатты оқушылар! Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау – бәріміздің міндетіміз. Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар. Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.