Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» — деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап. Кітап құндылығын, адам жанының азығы екендігін соңғы кезеңдерде естен шығарып алып жүргеніміз жасырын емес. Кітап атты тұнық әлемді оқушылар бойына сіңдіру мақсатында «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында №74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында 23 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне «Ашық аспан астындағы кітапхана» ұйымдастырылды. Оқушылар ашық аспан астында кітап оқып, өздері білетін ертегі,әңгіме,тақпақтарымен бөлісті.