Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Бүгін, 8-наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай 10-11- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “ Әлем Анамен әдемі” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып,отбасы құндылықтарын насихаттап, ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Мерекелік кеште оқушылар өз өнерлерін көрсетумен қатар, аналарына құрмет көрсетіп, иықтарына өз қолдармен ақ орамалдарын жауып, ризашылықтарын білдірді.