Кездесуге кәмілетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Сағидан Шаттық Байшуақұлы оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 8-11- сынып оқушылар арасында «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу – міндет» тақырыбында оқушыларға құқықтық профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар екендігін айтты. Нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін пікір алмасылды. Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіретіндігі туралы тақырыптық түсіндірме жұмыстары жүргізіп, оқушы сауалдарына жауап берді.