Мектебімізде 2-3 сыныптар аралығында, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Анам және мен» байқауы өтті.
Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, анасы мен қызының жан-жақтылығын, анасы мен қызының арасындағы сүйіспеншілік қасиеттерін байқау, аналарымызды, жалпы ата-аналарды мектеп өмірімен бірлесіп жұмыс жасау.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
3 «а» сыныбы- «Өнерлі ана, талантты қыз» номинациясымен, 3 «ә» сыныбы- «Шебер ана, зерек қыз» номинациясымен, 2 «ә» сыныбы- «Өнегелі ана, талапты қыз» номинациясымен марапатталды