Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен, “Геолог” мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, Көрісу күніне ақ кимешек киген 100 әже шеруі өтті. Осы шеруге №74 жалпы білім беретін орта мектептің әжелері:
Сқақова Айсауле Қаниқызы
Жумалина Гульзира Ақжигитовна
Мұқамбеди Жанар Әбдіғаппар қызы
Боранбаева Базар Ауезханқызы
Байсанова Менсулу Қалжанқызы
Шонаева Жанаргул Дарибаевна
Асанбаева Рысбике Жұмақызы
Еспанова Гүлзат Хамзақызы
Керуенбаева Райса Мукалтаевна
Сапарова Азима Жаңабергенқызы
қатысты.
Мерекеге жиналған көпшілікке ұлттық тағам түрлерінен дәм, ыстық тағамдар, наурыз көже ұсынылды. Қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері халыққа төмен бағада ұсынылды. Бір-бірін мерекемен құттықтап, көріскен көпшілікке қазақтың ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, артынша “Геолог” МҮ ұжымы концерттік бағдарламасын тарту етті.