Мектебіміздің ұстаздары, «Сырғалым» қыз балалар клубының мүшелері және «Айбын» ер балалар клубының мүшелері қаламыздың су тасқыны болған бау-бақша аумақтарында бірнеше күннен бері жұмыс жасап, қолғабыс тигізіп жатқан 400 сарбазды 2 (екі) күн қатарынан түскі, кешкі аспен қамтамасыз етті. Игі іске мектебіміздің ата-аналары да өз үлестерін қосты.