🚷🚯🚭15 мамыр күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М. Амангельды және мектеп жанынан ер мұғалімдерден құралған «Тәртіп сақшылары» жасағы рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді. Олар мектеп маңында орналасқан дүкендерді аралап кәмелет жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және табак өнімдерін сату бойынша заңнаманы бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңда белгіленген талаптарды орындамайтын азаматтар заң аясында әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын жеткізді.
#Түнгірейд
#құқықбұзушылықтыңалдыналу#
@almaty_audany_akimdigi#