«№74 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012-жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023-жылғы 15 тамыздағы №259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023-жылғы 16 тамыздағы №343 бірлескен бұйрығы негізінде ұйымдастырылатынын хабарлайды.
Мекеме атауы: «№74 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Рауан 7
Эл. поштасы: 74zhbbom@mail.ru
Телефон номері: 8-(71-32)-74-31-56
Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж №121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64-тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарды (ескеру) Еңбек ақы мөлшері: 164500 теңге
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі — 1; (1 бірлік штаттық)
Педагогтердің бос және уақытша бос лауазымына конкурс мерзімі: 01.04-10.04.2024