Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Мектебімізде дәстүрлі *Жұлдыздар шеруі* салтанатты кеші ұйымдастырылды.Білім мен шығармашылық және  спорт саласында ең үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды анықтау мақсатында “Үздік оқушы — 2024”, “ Жыл белсендісі — 2024” , “Жыл спортшысы — 2024” байқаулары өткізілді.
Байқауға барлығы 116 оқушының портфолиосы қабылданды.  Нәтижесінде   2023-2024 оқу жылы бойынша “Үздік оқушы — 2024” номинациясымен 9 “а ” класс оқушысы Наурызбаева Шадия, “Жыл белсендісі — 2024” номинациясымен 7 “а” класс оқушысы Иванова Маржан, “Жыл спортшысы — 2024 номинациясымен 8 “а” класс оқушысы Сақтаған Шыңғыс марапатталды.
Байқауға қатысқан оқушылардың барлығына мектеп директорының атынан Алғыс хат табысталды.
Алар асуларың көп болсын🌹