Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2021-2022 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу қорытындысы
2021-2022 оқу жылы 9,11 класс оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары оқу жылының 2-жартыжылдығынан бастап ұйымдастырылды. Ол үшін мектеп директорының 28.01.2022ж. №041 Н/Қ бұйрығымен мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Оның құрамына мектеп директор - комиссия төрағасы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, жоғары санатты мұғалімдер кірді. Комиссия мүшелері емтихан тапсыратын кластардағы оқушылар тізімдері, пәндер, дайындық сабақтарының кестесін жасады. Сонымен қатар, пән мұғалімдерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 9,11 кластарда аптасына 1 сағаттан тіл, математика, орыс, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихынан дайындық сабақтары ұйымдастырылды. Қорытынды емтихандардың кестесі құрылып, емтиханға пән мұғалімдері тартылды. Емтихан кестесінде емтихан күні, басталу уақыты, пәні, өткізу формасы, бақылау түрі, емтихан алушы мұғалімдер, ассистенттер, өткізілетін орны (аудитория №) көрсетілді. Сонымен қатар, емтихан кезінде әр қабатқа кезекшілер қойылып, мектеп ішінде тәртіп, тыныштық сақтау, емтихан басталуы, аяқталуы уақытында қоңырау соғылу, мектепте, емтихан өтетін аудиторияларда санитарлық талап-нормаларын сақталуы бақыланды. Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2021-2022 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың басшылыққа ала отырып, Облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары емтихан болатын күні сағат 07.00. де электрондық поштаға жіберіліп отырды. Оны уақытында қабылдап алып, оқушы санына қарай көбейтіп, баспаға шығару жауапты тұлғаларға міндеттелді.
Сонымен, 2021-2022 оқу жылында мектеп бойынша 9 кластарда барлығы 22 түлек , 11 класта барлығы 7 түлек бітіргелі отыр.
9 кластарда емтихандар 28мамыр – 06 маусым аралығында кесте бойынша оқу тілі, математика, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері және 1 таңдау пәндері бойынша ұйымдастырылды. Емтихан болатын күні мектептің электрондық поштасына келген құпиясөз көмегімен емтихан материалдары алынып, оны тиісті данада дайындалды. Емтихан материалдары аттестаттау өткізу ережелеріне сәйкес комиссия мүшелері қатысуымен пакеттен ашылды, атап айтқанда, эссе тақырыптары емтиханнан 15 минут бұрын, бақылау есептері 1 сағат бұрын ашылды. Әр емтихан күні материалдарды ашу рәсіміне комиссия мүшелерімен қатар, оқушылар да қатыстырылды.
Негізгі орта мектеп бітіруші түлектерден түлек жыл соңында барлық пәннен «5» деген бағаға аяқтап, «үздік» аттестаттқа 5 үміткерлер тізіміне ұсынылған болатын. Осы оқушылар барлық емтихандарда «5» деген бағаға тапсырып, жоғары деңгейдегі білімін көрсете алды.
11 кластарда 27мамыр – 10 маусым аралығында 5 емтихан өтті: оқу тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті және таңдау пәндерінен (география, биология, физика, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, әдебиет пәндері) бойынша ұйымдастырылды. Емтихан жұмыстары сол күні тексеріліп, емтихан, қорытынды бағалары хаттамаға енгізіліп, электрондық журналға қойылды.