Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта Egov.kz арқылы жүргізіледі. Бірінші сынып оқушыларының құжат қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Мектебімізге 9-11 сынып оқушыларына болашақта жақсы мамандық таңдау мақсатында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жоғары колледжінен арнайы маман келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
14.04.2022 ж. ZOOM платформасы арқылы Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің интерактивті сабағы өткізілді. Сабаққа 8-9сынып оқушылары қатысты.
16 сәуір "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебімен жалпы білім беретін мектептердің 10 класс оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын түлек" олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті.
14.04.2022 Ұлы жеңістің 77 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жыл толу мерекесіне арналған қалалық «Жас жауынгер-2022» әсекри-спорттық сайысы өтті.