№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт

№74 Жалпы білім беретін орта мектеп директоры Журтканов Бекет Маликович баршаңызды 16- Желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтайды.

*Құрметті Рауан елді мекен тұрғындары, ата-аналар және оқушылар!* Сіздерді Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

@obrazovanie_gorod_aktobe  @bilim_basqarmasy_aqtobe  @almaty_audany_akimdigi 

#74жббом #тәуелсіздік  #30жыл