Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда, №74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтуде. Мақсаты – оқушылардың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосыу. Кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, балаларды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға аталмыш білім ордасы көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына