№74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалармен «Кел, тыңдаймыз, оқимыз, ойнаймыз!» атты Кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.
Кітап - рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
Кішкентай оқырмандар жалықпайтындай қысқа да нұсқа ертегі айтып беру арқылы кітап оқуды ұсына берсе, баланың кітап тыңдауға құлшынысы оянады. Бала кітап оқудың қызық екенін сезінеді. Кітапханалық сабақтарға күнделікті 10-15 минут уақыт бөліп өткізсе, оқуға құштар оқырман жинаудың бір сатысы болады.
Білесің бе, кітап білім ұясын, Оқып оны өмірге азық жиясың, Оқып- біліп,зерттеп кіріп санаға Терең білім, ой маржанын құясың.
Кітапханашы: Д. Ж. Шонаева
