Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. - Тіл құдыретін танытуға көңіл бөлу мақсатында № 74 жалпы білім беретін орта мектебінде тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған “ТІЛ – әр ұлттың ұлы анасы” атты апталығы аясында мектеп кітапханасында “Тіл тұғыры-ұлт ғұмыры” кітап көрмесі ұйымдастырылып кітаптарға шолу жасалды.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.