«Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» (Максим Горький, ұлы орыс жазушысы)
Балаларды кітап оқуға баулу
Заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек.Осындай мақсатпен № 74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Кітаптар керуені» атты көрме ұйымдастырылып , жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстырылды.