№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай. Оның өмір баяны бар тірлік тынысы, ой арманы туған халқына деген қалтықсыз қызметтен тұрады. Ол халықпен бір тұтас, халың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті. Ахмет Байтұрсыновтың барлық жасаған еңбегі,тартқан қорлық , көрген азабы , болашаққа сенген үміт - арманы- осы ұлы миссияны орындауға , туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арнаған. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұлт ұстазының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып , өз елін сүюге , оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында № 74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында “Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы”атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушылармен танымдық әңгіме өтті.