Кітапханаға ең жақсы сыйлық, әрине, кітап. Кітапхана қорына кітапты тегін тапсыратындар, азаматтық ұстанымы жоғары, қоғам алдындағы ерекше борыш сезімі бар адамдар, әдетте, кітаптар өз оқырмандарын табатынын жақсы біледі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп –оқуға құштар ұлт» жобасы қолға алынып, іске асырылып келеді. Бұл рухани акцияға үн қосу және кітап қорын көбейту мақсатында № 74 жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздары «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына атсалысып, құны қырық мың тұратын отыз екі жаңа әдеби кітаптарды сыйға тартты.