№ 74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» атты поэтикалық марафон ұйымдастырылды. Мақсаты 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.