ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атады. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жаңа жобасы қолға алынып, іске асырылуда. Бұл рухани акцияға үн қосу аясында, Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты № 74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасына көркем әдебиеттер мен тарих құндылықтарын дәріптейтін жинақтарды сыйға тартты.
Кітап оқу адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады