Оқушыларымыз қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын , өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз. Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Қазір қысқы демалыс. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып, білімдерін шыңдауда. Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай , келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана.