№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
Шешендік сөздердің бастауын ертегі-аңыздардан іздеу керек

Шешендік сөздердің бастауын ертегі-аңыздардан іздеу керек. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы– қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау тілегінен туған образ. Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Рухани –адамгершілік тәрбие бойынша «Алдар Көсенің сиқырлы шапаны» қойылымы оқырмандарға тарту етілді. Алдар көсенің ролін сомдаған кітапхананың кішкентай оқырманы 2 ”А” класс оқушысы Зейнулла Жантілеу және байдың ролінде 2”Ә” класс оқушысы Тлеуберген Нұрасыл.