Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында № 74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қаһарман жазушы Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесімен таныстырды. Оқырман қауымға кеңінен танымал партизан жазушы Қасым Қайсеновтың шығармашылығының басты өзегі – халықтар достығы. Ұлы Отан соғысында совет халықтары мызғымас достықтың нәтижесінде фашист жендеттерін жеңіп шығып, бас игізді деген ой Қайсенов шығармаларының әр жолынан байқалып тұрады. Автор бұл жинағында қарапайым совет адамдарының ерлік істерін нанымды да әсерлі баяндап, сол кезеңнің шындығы мен тұрмысын сөзбен суреттеп жеткізген.