№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
«Кітап арқылы бірлікке, бейбітшілікке және келісімге»

«Татулық», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру мақсатында № 74 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «Кітап арқылы бірлікке,бейбітшілікке және келісімге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. «Ырыс қайда барасың, Ынтымағы жарасқан елге барамын» деген ұлағатты сөзді ту еткен халқымыз береке-бірлік пен ынтымақтың арқасында талай қиындықты еңсеріп, жеңісті жолмен жүріп келеді. 

Бүгінде бір шаңырақ астына жиналған ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату – тәтті өмір сүріп келеді.