№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
Жаңа жыл – ЖАҚСЫЛЫҚТАРЫҢМЕН КЕЛ!

Жаңа жыл әрбір баланың асыға күтетін ең сүйікті әрі таңғажайып мерекесі. Ал Президенттің шыршатойына қатысуды армандамайтын балғын жоқ шығар, сірә. Өйткені бұл мерекеде өнер-білімді өрге жүздірген үздік оқушыларға Елбасы атынан бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Әсем ән әуелеп, жаңа жылдық көңіл-күй айрықша сезіледі мұнда.Биылғы жаңа жыл әлемдік пандемияға байланысты карантиндік шараларды сақтай отырып оқушыларға сыйлықтар таратумен шектелді. Аталған шараға мектебімізден көп балалы отбасына жататын 4 “А» класс оқушысы Серікқали Ақбота қатысып бағалы сыйлықтарға ие болды. Мереке қарсаңында осындай қуанышқа бөлеген ұйымдастырушыларға мектеп ұжымы және ата-ана тарапынан алғыс білдіреміз! Жаңа жыл жақсылықтарымен келсін!