Мектебімізде 21.02-01.03 күндері аралығында мектеп психологі Жанел Әбдімұратқызының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Құпия дос» психологиялық акциясы өткізілді.
Мақсаты: Мектеп ұжымының ауызбіршілігін нығайту, бір біріне жақсы көңіл күй сыйлау.
Жеребе тарату арқылы мектеп ұжымы бір апта бойы өзіне түскен адамға жасырын түрде сыйлықтар берді. 01.03. 2022ж "Алғыс айту" күнінде "Құпия дос" акциясына қатысқан барлық мектеп ұжымы бір-біріне алғыс айтып, өз құпия достарын біліп, жақсы көңіл күймен тарасты.