№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
Отбасылық құндылықтардың бала өміріндегі маңызы
Бүгін мектебімізде Отбасы күніне орай "Отбасылық құндылықтардың бала өміріндегі маңызы" тақырыбында «Анаға тағзым» отбасын сақтау орталығының тәжірибелі медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен @ardakti_ana  кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшелері мен ұстаздар қатысты. Кездесу барысында тәжірибелі медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызы отбасын сақтау, ұлттық тәрбиенің, отбасылық құндылықтардың баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы маңыздылығы туралы құнды ой-пікірлерімен, тәжірибесімен бөлісіп, ата-аналардың сауалдарына жауап берді. Кездесу соңында қадірлі қонағымыз Бибігүл Әбдішүкірқызы мектеп кітапханасына отбасылық тәрбие туралы оқу құралдарын тарту етті. ?Отбасы - қоғамның алтын діңгегі. Отбасымызды қадірлеп, мақтан тұтайық!
 
?Ұйымдастырған :
ДТІЖО РАЗАКОВА Ж.А
ПСИХОЛОГ ӘБДІМҰРАТ Ж.Ә
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЕЛЕКЕЕВА Ж.А