1 қыркүйек - барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі.
1 қыркүйек - барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі. Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында мектебіміздің директоры А.Қ.Башанов оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды Білім күнімен құттықтады. Жиынға қатысушылар алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің тақпақтары мен әндерін және оқушылардың мерекеге дайындаған өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар, салтанатты жиынға қамқоршылық кеңес төрайымы Б.Ә.Боранбаева қатысып, құттықтау тілегін арнады және инспектор, полиция капитаны Ж.Б.Елиманов оқушыларға қауіпсіздік туралы хабарлама жасады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
