№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
"Жер жұмағы - ен дала, ел сұлуы - қыз бала"

"Жер жұмағы - ен дала, ел сұлуы - қыз бала" деген сөз бар халқымызда. Өміріміздің қызғалдағы - қыз балалар. Қазақ қызын әдептілік, имандылық, кішіпейілділік, парасаттылық, ұстамдылық қасиеттері ерекшелеп тұрады. Жоспарға сәйкес  12 қазан күні мектебімізде  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.А.Разакова мен Г.Б.Алдабергенованың және "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісінің қатысумен 5-11 класс аралығында қыздар жиналысы өтті. Жиналыста қыз балаларға мектептің ішкі тәртіп ережесін,  мектеп формасын, жеке бас гигиенасын  сақтауға қатысты мәселелер айтылып, тыйым салынатын нәрселер таныстырылды.