Ақтөбе қаласы №74 жалпы білім беретін орта мектебі мектепішілік «Зорлық-зомбылықсыз
балалық шақ» апталығының өткізілуі туралы анықтама
Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 23-27 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» апталығы өтті.
23.11 күні 2-6 класс оқушыларына «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбына суреттер көрмесі өтті.Суреттер көрмесіне 26 сурет тапсырылды,оның ішінде төмендегі оқушыларға орын берілді.
1 орын: 6«А» класс оқушысы Наурызбаева Шадия
4«А» класс оқушысы Ембергенова Аяулым
2«А» класс оқушысы Қуантай Анель
2 орын: 5«А» класс оқушысы Сыдықова Көркем
3«А» класс оқушысы Қайнадинова Айару
2«А» класс оқушысы Қалдыбаев Мансур
3 орын: 3«Ә» класс оқушысы Кужанова Амина
2«А» класс оқушысы Калиев Тамирлан
4«А» класс оқушысы Абдіжәмит Инабат
24.11 күні 1-10 класс жетекшілері Ата-аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын-алу.Отбасы,мектеп,қоғам мәселесі»атты қоғамдық тартумен онлайн семинар өткізді.
25.11 күні 9-10 класс оқушылары мектептің әлеуметтік парақшасына «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбында презентация жариялады.
26.11 күні 5-8 класс оқушылары аралығында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!» тақырыбында эссе байқауы өтті.Қатысқан 8 «А» класс оқушылары Құралбаева Асемай,Есенова Айкен,Иванова Жаңылсын,Дүйсенбаева Айнұр,Нұржан Нұрай,Бабатаева Әсемгүл,6 «А» класс оқушысы Наурызбаева Шадия,5 «А» класс оқушысы Омирзак Гүлзат.Жүлделі орынға ие болғандар 8 «А» класс оқушылары:
1 орын-Есенова Айкен
2 орын-Дүйсенбаева Айнұр
3 орын-Иванова Жаңылсын
27.11 күні «Психологиялық денсаулық және суицидтің алдын-алу» тақырыбы бойынша мектеп психологі Әбдімұрат Ж.Ә презентация ұсынды.
27.11 күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 22:00 ден 24:00-ге дейін түнгі рейд жүргізілді.Рейд барысында Рауан елді мекенінің көшелерін,мектеп ғимаратының аумағы тексерілді.Рейд барысында ешқандай құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.Рейдке мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Д.Кармышова,мектеп психологі Әбдімұрат Ж.Ә, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Х.Т.Дүйсеналин,алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Р.С Абилкайыров шықты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Д.Кармышова
Мектеп психологі: Әбдімұрат Ж.Ә
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Х.Т.Дүйсеналин
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Р.С.Абилкайыр