№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
"Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы" тақырыбында 1 "Б" класында алғашқы ата-аналар жиналысы өтті
"Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы" тақырыбында 1 "Б" класында алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. Класс жетекші Култасбаева Айнагуль ата-аналармен жақын танысу мақсатында, "Танысу" жаттығуын жасап, тренингтер арқылы ситуациялық жағдаяттарды бірге талқылап, бала тәрбиесіне қатысты түрліше мәселелерді ортаға салды. Күн тәртібі бойынша Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, ата-аналардың пікірлерін ортаға салды. Осылайша келешек тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру мақсатында бірігіп, бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды. Жиналыс соңында " Менің балам қандай" деген тақырыпта ата- аналар бала бойындағы ерекшеліктерін ортаға салды.