19 қазан күні мектебімізде Алматы ауданы №4 Қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Жұбаназарова Алмагүл Қарашқызы және полиция аға лейтенанты Туменбаев Жулдызбек Габдигалиевичтің қатысуымен 6-7 класс оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелері, жолда жүру қауіпсіздігін сақтау, кешкі мезгілде жүрмеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізді және оқушылардың сауалдарына жауап берді.