Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды *«Балалар жылы»* деп жариялауы бойынша мектебімізге оқушылардың әлеуметтік және эмоцияналдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен "ЕКІ ЕЗУ" сатира театры өз қойылымдарымен қонаққа келді. Театрдың "АНА ТІЛІ - ДАНА ТІЛІ" қойылымы өте қызықты әрі көңілді болғаны балалардың қуанышынан көрініп тұрды.