Университет мамандары мектебіміздің биылғы жыл түлектерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Аталмыш оқу орнындағы мамандықтар, олардың ерекшеліктері, оқу ғимараттары мен оқу орнының көптеген мүмкіндіктері туралы айта отырып, қызығушылық танытқан оқушыларды университетке шақырды. Мамандық туралы толғандырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.