№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
“Тұрмыстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу” тақырыбында Ақтөбе қаласының ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторы Тукешова Айымгуль Серикбаевнамен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды

23 қараша күні мектебімізде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Тұрмыстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу” тақырыбында Ақтөбе қаласының ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторы Тукешова Айымгуль Серикбаевнамен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектебіміздің ата-аналарына зорлық-зомбылық деген не, оның түрлері, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың белең алуы, тұрмыстық зорлықтың куәсі болған немесе өзі осындай жағдайларға душар болған жандарға көмектесетін дағдарыс орталықтары бар екендігі, сонымен қатар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және оның алдын алу мәселесі туралы айтылды.