Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан республикасының құрылу тарихы туралы мәлімет беру. Елін,жерін , салт-дәстүрін құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ.Р. географиялық картасы, "Менің Қазақстаным" жинағы, слайдтар ,"Тәуелсіздік жолы" бейнефильм, жалаушалар.
Тәрбие сағаты тренингпен басталды."Қазақстан" ұғымына ассоциация жасады. Хормен ән шырқап, тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Алдын ала берілген тапсырмаға сай шығармаларын тебірене оқыды. Оқушылар шығармашылығынан суреттер көрмесі жасалып , оқушылар жұмыстарын қорғады.
"Тәуелсіздік жолы" бейнебаянын жоғары қызығушылықпен тамашалап, Тәуелсіз ел жетістіктерін көргенде шаттана қол соқты. Тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық сезімін оятты.
Класс жетекшісі :Жукаева А.К.