№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"

3 "Ә" класында "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" тақырыбында класс сағаты болып өтті. 

Мақсаты: Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мән-мағынасын ашу. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірі , ерлігі жайлы айтып ,батырлығын насихаттау. Патриоттық тәрбие беру. 

Көрнекілігі: Слайдтар, Желтоқсан оқиғасының құрбандары суреттері,"Тәуелсіздік монументі" , Мемлекет  нышандары суреттері ілінген. 

Класс сағатында оқушыларға түсініктеме ақпарат берілді.  Желтоқсан құрбандарын тануы нәтижесінде оқушыларда көптеген сұрақтар туындады. Өз сұрақтарына жауап алды. Тақырыпқа сай  тақпақтарын  жатқа оқыды. Әнұран айтты. 

Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете түсіне отырып, ой толғаныста "Тәуелсіздік монументін" бейнеледі.

Класс жетекшісі  Жукаева А.К.