№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
10 қыркүйек – Қазақстандағы Отбасы күніне орай

10 қыркүйек – Қазақстандағы Отбасы күніне орай 2023 жылдың 8 қыркүйек күні мектебімізде «Қазақстан әкелері» Республикалық қауымдастығының төрағасы, Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі А.А.Кулов ата-аналар қауымына арналған «Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. 

Отбасы күніне арналған апталықтың аясында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру. 

«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шараға Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинет әдіскері А.С.Айтбаганбетов және ата-аналар қатысып, отбасының тұтастығын сақтау мәселесі төңірегінде пікір алмасты.

#Отбасыкүні

#Әкелермектебі

#Аналармектебі