№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
"Отбасы - бақыт мекені" апталығы

Отбасы күніне арналған "Отбасы - бақыт мекені" апталығы аясында 7 қыркүйек күні мектебімізде Жоғарғы соттың төс белгісі иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, “Мерейлі отбасы” Гран при иегері, “Патриоттық белсенділер” және “Елеулі еңбек” медальдарының иегері, Отбасын қорғау орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызының қатысуымен "Отбасы. Тұлғааралық қатынас. Адамгершілік" тақырыбында ток-шоу өтті. Бағдарламаға жоғары сынып оқушылары қатысты. 

Шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарға деген құрмет сезімін арттыру,  ұлттық тәрбие беру.