Республикалық «АСЫҚ АТУ» челленджі
Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады.
Республикалық "Тоғыз айға 9 іс-шара" жобасы аясында бүгін мектебімізде "Асық ату" челленджі ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің оқушылары қатысты.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Асық ату челледжінде «БЕС ТАБАН», «БЕС АСЫҚ» ойындары ұсынылды.
#асықату #меніңОтанымҚазақстан
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#9айға9ісшаражобасы
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ: 17.11.2023 ж.
УАҚЫТЫ: 11:00