№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
Қыз тәрбиесі - халықтың байлығы
Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған іс-шаралар аясында 15 қараша күні мектебімізге қалалық "Геолог" мәдениет үйінің мамандары келіп, "Қыз тәрбиесі - халықтың байлығы" тақырыбында "Сырғалым" қыз балалар клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге келген Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, "Шолпы" клубының идея авторы әрі жетекшісі Сарыбай Алмагүл Сүндетқызы, тәжірибелі медиатор, педагог Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы, "Геолог" мәдениет үйінің жанынан құрылған "Шолпы" қыз балалар клубының жетекшісі, бөлім меңгерушісі Акжигитова Бибігүл Жақсыбайқызы ұлттық  құндылықтар негізінде қыз бала тәрбиесі туралы дәріс оқып, қыз балалармен пікір алмасты.
Шараның соңында мектеп психологы "Өрмекші торы" әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алып, оқушылар кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.
Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Сырғалымқызбалаларклубы