"Зерттеуші педагогтер мектебі:озат тәжірибе,ортақ әдіс" тақырыбындағы зерттеуші педагогтер айлығы аясында 20 қараша күні бастауыш класс мұғалімі,педагог-зерттеуші М.Т.Сағынғалиева 4"А" класында математика пәнінен "Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу" деген тақырыпта ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында мұғалім оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды, оқушылар STEM, топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындауда жоғары белсенділік танытты, сабаққа қызығушылықпен қатысты.Ашық сабаққа қатысушылар өте жақсы кері байланыс жасады,сабақ мақсатына жетті.