"Зерттеуші педагогтер мектебі:озат тәжірибе,ортақ әдіс" тақырыбындағы зерттеуші педагогтер айлығы аясында 24 қараша күні бастауыш класс мұғалімі,педагог-зерттеуші А.А.Наурызбаеваның ұйымдастыруымен 9"Ә" класында "Мамандық таңдау—маңызды шешім" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру, қоғамға пайдасы бар мамандық иесі болуға таңдау жасауға бағыттау.Сынып сағатында оқушылар қабілеті мен бейімдерін анықтауға көмектесетін тесттер мен сауалнамаларға жауап берді.Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын білу, еңбек қуанышын сезіну, оң шешім қабылдау дағдыларына машықтанды.