№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
Ж.А Разакова 10"А класс

"Зерттеуші педагогтер мектебі:озат тәжірибе,ортақ әдіс" тақырыбындағы зерттеуші педагогтер айлығы аясында 23 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші Ж.А Разакова 10"А" класс оқушыларымен "Құндылықтар-өмір азығы" тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды.Сабақ мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу,ұлттық құндылықтар -біздің тіршілігіміз,бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Сабақ барысында оқушыны нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңызы зор екендігі жоспарланған жұмыстар мен әдістер арқылы кеңінен ашылды.