"Ата-аналарға педагогикалық қолдау" бағдарламасы бойынша 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына
"Зерттеушілер мектебі: озат тәжірибе, ортақ әдіс" тақырыбындағы зерттеушілер айлығы аясында бүгін педагог-зерттеуші Ж.А.Разакова "Ата-аналарға педагогикалық қолдау" бағдарламасы бойынша 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңның кілтін қалай табуға болады?" тақырыбында сабақ өткізіп, жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты педагогикалық тәжірибе мен ұлттық тәрбие негіздерімен бөлісті.
✨Бала - біздің болашағымыз.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы