Тәуелсіздікке 30 жыл «30 қайырымдылық іс» акциясы аясында №74 ЖББОМ –де «Біз біргeміз» атты акциясы ұйымдастырылып, мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Г.А. Куптлеуова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С. Баубекованың ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері сабақтан тыс уақытта медициналық маска тігіп, көпбалалы, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларына тегін таратты.